Нұрсапа Аманжолов 1933 жылы 2 қаңтарда Қытай Халық Республикасында туған. 1954 жылы Шыңжаң Ұлттар институты тіләдебиет факультетін тамамдаған.
1962 жылдан бері Алматы облысы, Балқаш ауданында тұрады. Әр жылдарда орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалім, Балқаш аудандық «Балқаш еңбеккері» газетінде редактордың орынбасары болып қызмет еткен.
Ақынның «Дала жазы», «Күнекей қыз», «Дария шалқар», «Іле иірімдері», «Керуен өмір кешеді», «Табиғат әліппесі», «Үкілі үміт» атты жыр жинақтары жарық көрген. Балқаш ауданының Құрметті азаматы.