Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Е
Ерлан Ахметов

Ерлан Ахметов

Ерлан Ахметов
Рейтинг:
Өмірбаяны

Ерлан Ахметов 1975 жылы 20 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында туған. М.Ломоносов атындағы орта мектепті үздік аяқтап, әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Шығыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясында, облыстық «Дидар» газетінде арнаулы тілші, ЕртісБаян өңіріндегі «Кереку» апталық газеттің редакторы болып қызмет еткен. Бүгінгі таңда республикалық «Руханият» газетінің редакторы, ҚМДБның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы, «Ислам және өркениет» газетінің меншікті тілшісі. 

2008 жылдан «Жұлдыз» журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, «ҚаламгерMedia» орталығының Павлодар облысындағы арнаулы өкілі. 

1987 жылдан бастап қаламгердің мақалалары мен әңгімелері, өлеңдері аудандық, облыстық басылымдарда жарияланған. «Ажарлы ауыл, ардақты қауым» атты қазақорыс тіліндегі деректі туындының (2006), «Қамырау жері, Сәмек елі, аман бол!» (2007), «Павлодар өңірінің қажылары» (2008), «Білім көкжиегі. Горизонт знания» атты кітаптардың авторы. «Жастық әуен», «Айтыс» (2005), «Баянауыл басынан» (2006) сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. «Оғыландарым» (2008), «Жарық дүние» (2009) жыр жинақтарының авторы. Бірнеше дүркін республикалық мүшәйралардың жүлдегері.


Көп оқылғандар