Ертай Ашықбаев
Ертай Ашықбаев - 1956 жылы 24 сәуірде Ақтөбе облысы Темір ауданы Бабатай ауылында туған. Темір аудандық «Жұмысшы туы» – «Рабочее знамя», Торғай облыстық «Торғай таңы» газеттерінде қызмет істеді. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен бері облыстық «Ақтөбе» газетінде қызмет істеп келеді. Қазір бас редактордың орынбасары.
«Қос мең» (1988), «Жақсы баға» (1991), «Ұя» (2003), «Ашық сабақ» (2003), «Ғашықтар мектебі» (2004), «Қаңтардағы құс» (2007), «Қобыландының қонысы» (2008), «Шырақ пен шуақ» (2011), «Мешін жылы Бабатайда туғалы..» (2016) жыр жинақтары, екі томдық шығармалары (2015), «Өлең мен өмір» атты әдеби мақалалар кітабы (2015) жарық көрген.
«Аударма» баспасының «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясы бойынша Хуан Рамон Хименес, Ярослав Сейферт, Стефан Георге, Герман Гессе, Пауль Целан, Райнер Мария Рильке, Збигнев Херберт, Уильям Батлер Иейтс, Джон Китс жырларын («Еуропа поэзиясы. ХХ ғасыр», 2010; «Еуропа классикалық поэзиясы», 2011), Фридрих Шиллерді («Жарық пен жылу», 2018), армян ақындарының антологиясын («Арараттан ескен леп», 2019) қазақ тіліне аударған.
Қазақстан Жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы және Қазақстан Журналистер одағының Төлеубай Ыдырысов атындағы сыйлықтарын алған. Қазақстанның Құрметті журналисі, «Мәдениет қайраткері», ҚР «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісінің иегері. Темір ауданының Құрметті азаматы, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Құрметті профессоры. Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі. Бірқатар халықаралық, республикалық мүшәйралар мен жабық байқаулардың жүлдегері. Балаларға арналған өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына енгізілген.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Мерекелік медальдармен марапатталған.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4223
22.10.2026
1829
26.10.2026
1546
28.10.2026
1204
22.10.2026
1132
22.10.2026
850
27.10.2026
808
26.10.2026
756
27.10.2026
727
22.10.2026
691
22.10.2026
429
25.10.2026
383
21.10.2026
4373
22.10.2026
4223
20.10.2026
3367
07.10.2026
3275
15.10.2026
3208
20.10.2026
2913
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2279
05.10.2026
2273
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
