Мейірбек Ақынбеков
Мейірбек Ақынбеков (1939–2009) - 19 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, «Төңкеріс» колхозында туған.
1965 жылы Шымкент педагогика институтының филология факультетін орыс тілі және әдебиет мамандығы бойынша бітірген. Бірер жыл ұстаздықтан соң баспасөз саласына қызметке ауысқан. Қазіргі «Сарыағаш» және «Қазығұрт тынысы» аудандық газеттерінде бөлім меңгерушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан», республикалық «Сұхбат» газеттері мен «Денсаулық» журналында меншікті тілші қызметтерін атқарған.
1983–1990 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында істеген. Республикалық тәуелсіз «Діл» газетінің қызметкері болған. Сарығаш ауданының Құрметті азаматы. «Оңтүстік өңірінде», «Сарыағаш саздары», «Автограф», «Бесік жыры», «Тоғыз перне», «Көктем тынысы» жинақтарына жырлары енген. «Бүршік»( 1990, «Жалын»), «Із» (1997, «Өлке»), «Азансыз аттар», «Әлди әже», «Сыр шертеді ақындар» (1997, «Өлке»), «Славян тілімен жыр төккен», «Туран толқындары» (аударма, 2003, «Кітап»), «Шартарап» (1994, «Әлия»), «Туған жер төсінде» (1993, «Әлия»), «Жырларым – өмірбаяным», «Жылдар ізі» атты кітаптары жарық көрген.
Пушкин, Есенин, Фет, Надсон, Гейне, Иммерманис, Дмитриева, Ефимов, Мухаммадий, Рысқұлов, Бахниязов, Ақпаевтардың жырларын қазақшаға аударып, «Сыр шертеді ақындар» атты жинақ шығарған.
«Әуелі құдай, әруақ...», «Ердәуіт – Шаймерден аңыздары» атты діни, тарихи кітаптары жарық көрген. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар кеңесі президиумының, Бүкілодақтық «Білім» қоғамы Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
