Шалқар Әбішұлы
Шалқар Әбішұлы (1944-2018) - 1944 жылы 5 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, ҚошқарАта ауылында дүниеге келген.
1963 жылы Шымкенттегі кооперативтік сауда техникумын, 1964 жылы Алматыдағы ревизорлар дайындайтын бір жылдық мектепті, 1972 жылы Халықшаруашылық институтын бітіріп, селолық, аудандық, қалалық, облыстық сауда мекемелерінің бастығы болып қызмет еткен. Шымкент қаласындағы «Базар» жабық акционерлік қоғамының төрағасы, 1999–2007 жж. облыстық мәслихаттың депутаты болған. Қазір 1992 жылы өзі ашқан Шымкент қаласындағы халықтық «Аштықпен емдеу орталығының» директоры.
«Өмір сабақ өзгені ойландырсын», «Ана туралы жыр», (1995), «Жақсы болу – өзіңнен» (1999), «Ойланып көрші өзің де!», «Мән бергін, жастар, сөзіме!» атты кітаптары жарық көрген. 1995 жылы «Жыр додасы», 1996 жылы «Аңсаймын ауылымды», «Термелер» жинағы, 2007 жылы «Рух пен тәннің саулығы», «Аштықты ұстау – денсаулықтың кепілі» кітаптары жарық көрді. 2003 жылы ол жайында «Алпысқа келді бір ақын», 2004 жылы «Қос арман» атты кітаптар басылып шыққан. 1997 жылы «Облыстық жазбагер ақындар мүшәйрасының» бас жүлдегері болды. Мемлекетіміздің 10 жылдығына арналған медалімен марапатталған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2005), Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
