Орысбай Әбділдаұлы
Орысбай Әбділдаұлы 1939 жылы 11 наурызда Қырғызстандағы Шу ауданына қарасты Быстровка ауылында туған.
1962 жылы Ұзынағаштағы Ж.Жабаев атындағы №23 ауыл шаруашылығы училищесін бітіріп, ауылда әр түрлі қара жұмыстар атқарады.
1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін тамамдаған соң, «Балдырған» журналында, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, «Жалын», «Жеті жарғы» баспасында жұмыс істеді, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды. «Баспасөз үздігі» белгісімен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған, Алматы облысының Құрметті азаматы.
Қазақстан Журналистер одағының және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. Классикалық күрестен спорт шеберлігіне кандидат.
Шығармалары: Сымбат. Эссе-әңгімелер. А., «Жалын», 1969; Қолтаңба. Әңгімелер мен новеллалар. А., «Жалын», 1982; Өмірсерік. Эсселер мен әңгімелер. А., «Өнер», 1983; Палуан. Әңгімелер. А., «Жалын», 1986; Туған жер демі. Әңгімелер. А., «Жалын», 1986; Уыз шақ. Әңгімелер мен новеллалар. А., «Жалын», 1989; Шапағат. Жолжоралғы жырлары. А., «Жеті жарғы», 1998. Сөз бен саз. Эсселер, әңгімелер мен ойтолғамдар. А., «Ана тілі», 2001; Салсерілер сабағы. Эсселер. А., «Ғылым» ғылыми орталық баспасы, 2003; Тас түлек. 2004; Асыл адам айнымас. 2005; Төлеген – толғау. 2006; Ізбасар. 2007; Хамза қажы ғибраты. 2008; Тау тумасы. 2009; Ана сүті. 2009.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
