Қалмақан Әбдіқадыров
Қалмақан Әбдіқадыров (1903–1964) - 14 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған (қазіргі Шиелі) ауданында туған. Он екі жасынан жетім қалып, тағдыр тауқыметін басынан кешірген жан.
1925 жылы «Еңбекші қазақ» газеті редакциясына келіп, сонда көшір (ат айдаушы) болады. «Сырдария» деген тұңғыш өлеңі 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланады. Осыдан бастап өлеңжырлары, әңгімелері республикалық газетжурнал беттерінде жиі басылады. Оның «Келес қызы» повесі кезінде идеялықкөркемдігі жағынан айтуға тұрарлық шығарма ретінде танылды. «Қажымұқан» повесінде қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы қызықты, тартымды баяндалған.
Балалар әдебиетін өркендетуге өзіндік үлес қосқан. «Өміртайдың ауылы», «Амантай», «Алатаудың бауыры», «Тапқыш», «Тәтті қауын» және басқа да өлең, әңгімелері ұғымды, жатық тілмен жазылған.
Жазушы «Мың бір түнді», өзбек әдебиетінің классигі Әлішер Науаидың таңдамалы өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
Шығармалары: Жалшы. Өлеңдер. Қызылорда. Қазақ баспасы, 1928; Екпінді. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1932; Шахтер. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1934, Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1935; Алатаудың бауырында. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1935; Қ. Сәтпаев. Әңгіме. А., ҚМКӘБ, 1936; Тәтті қауын. Әңгімелер. ҚМКӘБ, 1936; Өміртайдың ауылы. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1936; Есек пен өгіз. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1937; Ленин мен Махмұт. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1937; Батыр. Поэма А., ҚМКӘБ, 1940; Серт. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1945; Тапқыш. Ертегі. А., ҚМКӘБ, 1947; Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1948; Қажымұқан. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1951; Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1952; Ара туралы әңгіме. А., ҚМКӘБ, 1952; Мақташы қыз. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1953; Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1957.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1800
26.10.2026
1577
28.10.2026
1452
27.10.2026
921
27.10.2026
789
26.10.2026
787
28.10.2026
459
28.10.2026
420
24.10.2026
391
25.10.2026
388
28.10.2026
362
28.10.2026
264
23.10.2026
256
25.10.2026
245
21.10.2026
4385
22.10.2026
4236
20.10.2026
3376
07.10.2026
3284
15.10.2026
3212
20.10.2026
2925
09.10.2026
2875
16.10.2026
2574
09.10.2026
2291
05.10.2026
2290
30.09.2026
2174
08.10.2026
2132
15.10.2026
2121
14.10.2026
1877
