Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ә
Әміров Құсайынбек

Әміров Құсайынбек

Әміров Құсайынбек
Рейтинг:
Өмірбаяны

 

Әміров Құсайынбек (1903–1989) - 18 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында туған. 15 жасында жүкші, ат айдаушы, темекі плантациясында жұмыскер, большевиктердің «Заря Свободы» газетін таратушы болып істеген. 4ші Түрікмен атты әскер полкінің саяси қызметкері, 16шы Қазақ атты әскер полкінің саяси қызметкері және комиссары, азамат соғысының Ферғана майданында Өзген аудандық революциялық комитетінің төрағасы және Өзген гарнизонының әскери комиссары болған. 
 
1922 жылы комсомол жұмысына ауысқан: бөлім меңгерушісі, Жетісу губерниялық комсомол комитетінің, Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы, көп уақыт Алматы, Жаркент, Қарағанды қалаларында, Қостанай және Қызылорда облыстарында басшы партия қызметтерін атқарады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ұйымдастыру бюросының төрағасы болған.
 
1971 жылы оған Қарағанды қаласының Құрметті азаматы атағы берілді. Ленин орденімен марапатталған.
 
Шығармалары: В бурные годы. Очерки. А., Казгосиздат, 1958; Хороша ты, жизнь. Очерки. А., «Қазақстан», 1965; Өмір шақырады. Очерктер. А., «Қазақстан», 1967; Крылья крепнут в полете. Повесть. А., «Жазушы», 1969; Утро Караганды. Очерки. А., «Қазақстан», 1972; Қызыл гүлдер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Құтты қоныс. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Көңіл нұры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Жақсылық кезек күтпейді. А., «Жалын», 1983.

 

Қайнар көз: http://writers.kz

Көп оқылғандар