Әшімов Бұқпа
Әшімов Бұқпа (1924-2001) жылы Ақмола округінің Асанқайғы ауданы 5 аулында туған. 1941 жылы аудан орталығындағы қазақ орта мектебінің 8-класын бітірген соң ФЗО-ға алынып, Қарағандыда шахтер болған. Көп тиражды «Шахтер» газетінің редакторы, одан «Советтік Қарағанды» газетінің әдеби қазметкері болған. 1945 жылы «Советтік Қарағанды» газетінің Жаңаарқа ауданындағы меншікті тілшісі болып ауысқан. Аудандық совет атқару комитетінде мәдениет бөлімінің меңгерушісі, «Лениндік жол» газетінің жауапты хатшысы болған. Алматыдағы жоғары партия мектебін бітіріп келген соң Ақтоғай аудандық партияда хатшы болған. Бірнеше жыл «Жаңаарқа» газетінің, Жезді аудандық газетінің редакторы, одан «Жезқазған туы» газетінің меншікті тілшісі болып жүріп, құрметті демалысқа шыққан.
Б.Әшімов әрі ақын, әрі прозаик. Бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде оқырман назарын аударған жұмысшылар өмірінен жазылған «Қаражал» повесті мен «Жәйрем» деп аталатын роман кітабы. Қазақстан жазушылар одағының, Журналистер Одағының мүшесі.
Кітаптары:
1. Әшімов Бұқпа. Қаражал. Повесть. Алматы, «Жалын», 1976. 140 бет.
2. Әшімұлы Б. Жәйрем: (роман). – Алматы: «Нұрлы Әлем», 1998 ж, – 197 бет.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
