Дидахмет Әшімханұлы
Дидахмет Әшімханұлы (10 маусым 1950 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылы – 23 мамыр 2015 жыл, Алматы). Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1978).
1978–1980 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), 1981–1992 жж. «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдебиет, сын бөлімін жүргізді, 1992–1994 жж. халықаралық «Заман – Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары болған. 1994 жылдан еларалық «Түркістан» газеті редакторының орынбасары, 2003 жылдан «Алаш» баспасының директоры.
«Аққабаның толқыны» (1981), «Он бірінші күз» (1987), «Каменная падь» (1990), «Жер аңсаған сары атан» (1998), «Самырсын сазы» (2000) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді. Жеке шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. Сондай-ақ А.Курчаткин, Т.Минулмен, А.Аширов, Х.Абдуллин, П.Пурзверу, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
