Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ғ
Ғалым Байбатыров

Ғалым Байбатыров

Ғалым Байбатыров
Рейтинг:
Өмірбаяны

 Ғалым Байбатыров1949 жылы 12 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында туған. 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Дайыр ауылындағы орта мектепті, 1976 жылы әлФараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

1968–1970 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет еткен. 1971–1976 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан аудандық «Достық» газетінде әдеби қызметкер, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 1976–2001 жж. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде жауапты хатшы болып қызмет атқарған. 

2007 жылдан бастап «КТВ5» телеарнасында редактор болып қызмет атқаруда.
Өлеңдері 1966 жылдан бастап баспасөзде жарияланған. 1982 жылы «Жазушы» баспасынан «Сәуір самалы», 1999 жылы «әлФараби» баспасынан «Үміттің оты сөнбейді», 2000 жылы «Шығыс» баспасынан (Өскемен қаласы) «Арман дүние» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. «Шежірелі Шығыс өңірі» (2006), «О дүниенің табалдырығы» (2007), «Жүрегімнің жанары» (2008) атты кітаптардың авторы. «Өңім бе, ойбай, түсім бе», «Албасты» операциясы», «Отан үшін» пьесалары сахнада қойылған. 

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, бірнеше жыр мүшәйралардың жүлдегері. Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты.


Көп оқылғандар