Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Имашхан Байбатырұлы

Имашхан Байбатырұлы

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Имашхан Байбатырұлы (1938–2000) - 1938 жылы Монғолияның Баянөлгей аймағындағы Қызылтөбе мекенінде дүниеге келген. 

1964 жылы Абай атындағы ҚазПИді бітірген. 1964–1982 жж. Монғолия жазушылар одағының қазақ бөлімшесін басқарып, әдеби «Шұғыла» журналының редакторы, 1982–1988 жж. Монғол Халық Республикасының Министрлер кеңесі жанындағы цензураның аймақтық өкілредакторы, 1991–1992 жж. орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. 

1992 жылы атамекені Семей облысының Мақаншы ауданына көшіп келді. Мақаншы аудандық оқу бөлімінде оқу ісінің инспекторы болып қызмет атқарды. Көптеген еңбектердің авторы. 11 кітабы қазақ тілінде, 3 кітабы монғол тілінде басылған, 3 пьесасы сахнада қойылған. Шығармалары орыс, болгар, серб, мажар, бурят, алтай тілдеріне аударылған. 

1970 жылы Монғолия Жазушылар одағының сыйлығын алып, 1989 жылы Монғол Халық Республикасының Алтын Жұлдыз орденімен марапатталған.

Қайнар қөз: http://www.writers.kz

Көп оқылғандар