Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Қ
Қазанқап Байболов

Қазанқап Байболов

Қазанқап Байболов
Рейтинг:
Өмірбаяны

 Қазанқап Байболов(1889–1945) - Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында туған. Ауыл молдасынан сауатын ашып, өз бетінше білімін жетілдірген. Шығыс сюжетіндегі қиссадастандарды көп жаттап, Ташкент, Шымкент, Түркістан өңірлерінде жыршылық өнерімен мәлім болған классикалық хикаяларға еліктеп «Төрт дәруіш», ел ішіндегі аңыздардың желісімен «Еңсегей бойлы ер Есім», «Төле бидің тарихы», т.б. тарихи дастандарды өзінше жырлаған. Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен Сыпатай Қарсақбаевқа арнап «Сыпатай» поэмасын шығарған. 

1943 жылы республикалық айтыста Нартай Бекежановпен жыр сайысына түскен («Айтыс», 3т., 1966). Шығармалары ұжымдық жинақтарда, мерзімдік баспасөзде жарияланған. «Баубақша», «Дайын бол» атты толғаулары халық арасында кең тараған. Ел аралап, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен де шұғылданған. 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен үш мәрте марапатталған.


Көп оқылғандар