Сағынгерей Байменов
Сағынгерей (Сағын Герей) Байменов 1947 жылы 15 ақпанда Астрахань жерінде туған. Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған, 1975 жылы Мәскеу полиграфиялық институтының редакциялық баспа факультетін тамамдаған. Мектепте математика пәнінің мұғалімі, аудандық баспасөзде әдеби қызметкер, Батыс Сібірде, Закавказьеде әскери тілші, Қарағанды телевидениесінде редактор, Қырғызстан мен Қазақстандағы облыстық және республикалық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеді. Облыстық және республикалық басқармаларда жауапты қызметкер, халықаралық тақырыптар жөніндегі дәріскер, аудармашы, «Қазақстан» мен «Наука» баспаларында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, Қазақстан Республикасы «Ғылым» баспасының директоры болды. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ғылым» ғылыми баспа орталығының Бас редакторы.
«Время собирать камни» («Жалын», 1986), «Я думал о тебе» («Жазушы», 1988), «Исповедь кентавра» («Ғылым», 1994), «Сезам» («Ғылым», 1999) жыр жинақтарының авторы. Қазақ тілінен орыс тіліне көркем аударма жасаумен айналысады. Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
