Мақсұт Байсейітов Қарағанды облысының бұрынғы Тельман ауданына қарасты Елтай ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік оқытушылар институтының тіл және әдебиет факультетін тамамдайды. Ол еңбекке жастай араласады. Қарағанды шахтасында істейді. Кейін Қарағанды облыстық радио комитетінде, телевидениесінде редактор, облыстық газетте әдеби қызметкер болған.
«Қайрат», «Менің бақытым», «Сұрапыл» атты поэмалары бар. Ең күрделі де көлемді шығармаларының бірі – «Қыран» атты дастаны. Бірнеше рет ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бірнеше шағын пьесалар мен көптеген репертуарлық жинақтардың, көркем очерктер, фельетондар мен проблемалық мақалалардың авторы.
Шығармалары: Өмір оты. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1953; Қарқаралы басында. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1977.