Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Серік Байхонов

Серік Байхонов

Серік Байхонов
Рейтинг:
Өмірбаяны

Серік Байхонов - 1953 жылы 12 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданының «Авангард» кеңшарында туған. 

 
 
1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1980 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Республикалық газеттер редакцияларында, «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді. 
 
 
1990–1998 жж. Қазақ республикалық теледидарының Бас редакторы қызметін атқарды. Қазір «Қазмырыш» ашық акционерлік қоғамында еңбек етеді. Тұңғыш повесі «Жалғасым менің – жалғасым» 1973 жылы «Жалын» журналында жарық көрді. Шығармалары орыс тіліне аударылған. «Жігіттің сұлтаны», «Тайбурыл», «Сиқырлы қазан», «Қазақтың Қажымұқаны» республикалық конкурстық бағдарламаларының авторы. Қазақстан Жазушылар одағының Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлығының лауреаты.
 
 
Кәсіби саяхатшы ретінде «Сал үстіндегі маусым», «Аралға – араша», «Арналарға тіл бітсе», «Өсімдіктер желісіне саяхат», «Бетпақдала – шөл емес» экспедицияларын басқарған.
 
 
Шығармалары: Жалғасым менің – жалғасым. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1977; Ең ыстық маусым. Повестер. А., «Жалын», 1979; Қос шатырлы үй. Повестер. А., «Жалын», 1983; Сал үстіндегі маусым. Саяхат кітабы. «Жалын», 1987; Құйылыста. Хикаяттар мен әңгімелер. А., «Жазушы», 2001; Ғажапстанға саяхат. Табиғат кітабы. «Рудный Алтай», 2001.
 

 

Көп оқылғандар