Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
О
Олег Постников

Олег Постников

Олег Постников
Рейтинг:
Өмірбаяны
Олег Постников 1939 жылы 13 қаңтарда Тула облысы, Тула ауданы Ново-биссовка селосында туған. 1958 жылы Минеральные воды қаласында техникалық училищені бітіргеннен кейін, Қазақстанға келген. Слесарь, электрик, құрылысшы болып жұмыс істеген. Он жылдан астам уақыт қалалық, аудандық және облыстық газеттерде еңбек еткен, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болған. М.Горький атындағы әдебиет институтының поэзия бөлімін бітірген.


Оның бірнеше жыр кітабы, повестері жарияланған. Қазақ ақындарының өлеңдерін орыс тіліне аударып келеді.


Шығармалары: Крутая излучина. Стихи. А., «Жазушы», 1975; Берега памяти. Стихи. А., «Жазушы», 1977; Возвращение. Повесть. А., «Жалын», 1978; Соленая роса. Стихи. А., «Жазушы», 1979; Земной поклон. Поэма, стихи. А., «Жазушы», 1982; Пойми своего ближного. Повесть. А., «Жалын», 1984.


Көп оқылғандар