Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Сүлеймен Баязитов

Сүлеймен Баязитов

Рейтинг: 1.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Сүлеймен Баязитов 1944 жылы 2 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Ж.Шанин ауылында туған. Павлодардағы мал дәрігерлік техникумын және Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.
 
1971 жылы Баянауыл аудандық «Жеңіс» (қазіргі «Баянтау») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1997–1999 жылдар аралығында облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде тілші болып қызмет еткен. 

1999 жылдан бері Красноармейка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалім болып қызмет етеді.

Алғашқы әңгіме, өлеңдері 1962–1963 жылдары «Тың өлкесі» газетінде жарық көріп, содан бері әңгіме, аңыз, повестері аудандық, облыстық, республикалық газетжурналдарда жарияланып тұрады. 1972 жылы Павлодар қаласында өткен жас ақынжазушылардың республикалық, аймақтық Кеңесіне қатысқан. Ақынның «Бастау» (1979), «Жасыбай батыр» (2004), «Құдіреті күшті бір Алла» (2004), «Елсіздегі елес» (2004), «Хан ием» (2004), «Жаралы жердің жанары» (2006), «Көне қазақтың қыңыр қисыны» (2007) атты жинақтары жарық көрген.


Көп оқылғандар