Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Қ
Қайролла Баянбайұлы

Қайролла Баянбайұлы

Қайролла Баянбайұлы
Рейтинг:
Өмірбаяны

Қайролла Баянбайұлы 1936 жылы 20 маусымда Қытай Халық Республикасының Алтай аймағы, Жеменей ауданы, Қаржау ауылында туған. Шыңжаң университетінің әдебиет факультетін бітірген.
Алғашқы жазған мақала, очерк, қысқа әңгімелері 1954 жылдан мерзімді баспасөзде жариялана бастайды. 

1957 жылдан «Шыңжаң газетінде» қызмет істеді. «Әдебиет арнасы» атты арнайы беттің жауапты редакторы болады. Осылайша әдеби беттің редакторлығын 25 жыл бойы атқарып, бір ұрпақ жаңа буын қаламгерлерді тәрбиелеп шығарады. «Дархан дала», «Жол», «Есіл Ертіс», «Қыран» қатарлы әңгімеповестер жинағы және «Селкеусіз сезімдер» атты романдары жарық көрген.

Қытай Жазушылары одағының Төрағасы, көрнекті жазушы МаЧинху Қ.Баянбайұлының «Саятшы» деп аталатын хикаятына «Мен бұл шығарманы оқығанымда, бүкіл қазақ сахарасы көз алдыма елестегендей болды» деп жоғары баға береді. Бұл хикая «Қытай жаңа әдебиеткөркемөнер жемісі» атты іріктелген таңдамалы жинаққа енгізіледі. Әркезде жазылған еңбектері Мемлекеттік мәдениет министрлігінің және Шыңжаң өлкелік Жазушылар одағының арнаулы сыйлықтарын иеленген.

Қ.Баянбайұлы Қытай Мемлекеттік Жазушылар одағының, Шыңжаң Жазушылар одағының, Шыңжаң ақпаратшылар қоғамының мүшесі.


Көп оқылғандар