Құттырбек Баяндин
Құттырбек Баяндин (1937–2004) - 17 шілдеде Алматы облысы, Үйгентас ауданы, Қоғалы ауылында туған. Жыланды орта мектебін бітіргеннен кейін (1957) біраз уақыт колхозда, құрылыс ұйымдарында қара жұмыс істейді.
1966 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін тамамдап, Семей, Талдықорған облыстарының «Семей таңы», «Октябрь туы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметтерін атқарған. Сол тұста жазған «Жолың болсын, Жұлдыз», «Жаңғырық», «Күткен күн», «Кімсің сен?» атты драмалық шығармалары облыстық театр сахнасында қойылды.
1982 жылдан бастап «Қайнар», «Жалын», «Балауса», «Рауан» баспаларында редактор, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және сауда істері жөніндегі мемлекеттік баспасөз комитетінде бөлім бастығы болған. Э.Успенскийдің «Қолтырауын Гена және басқалар» атты әңгімелер жинағын қазақ тіліне аударған.
Нұрмолда Алдабергеновтің ғұмыры мен қызметі жайлы «Нар тұлға» атты деректі романы «Рауан» баспасынан (1996), «Ғылым тарланы» атты жаңа деректі романы «Білім» баспасынан (2001) жарық көрді.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4232
22.10.2026
1843
26.10.2026
1558
28.10.2026
1416
22.10.2026
1140
22.10.2026
854
27.10.2026
840
26.10.2026
763
27.10.2026
736
22.10.2026
692
28.10.2026
621
22.10.2026
432
28.10.2026
401
21.10.2026
4376
22.10.2026
4232
20.10.2026
3369
07.10.2026
3278
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2282
05.10.2026
2279
30.09.2026
2169
08.10.2026
2129
15.10.2026
2114
