Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Әскербек Рахымбекұлы

Әскербек Рахымбекұлы

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Әскербек Рахымбекұлы 1942 жылы 22 наурызда Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Қоғалыкөл ауылында туған. Қызылорда пединститутының филология факультетін және Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген. Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде, Қызылорда облыстық телерадиокомитетінде және облыстық партия комитетінде қызмет еткен. 1970 жылдан бері облыстық «Сыр бойы» (бұрынғы «Ленин жолы») газетінде қызмет істеп келеді. 

Бірнеше жыр жинақтарының авторы, «Жалын» баспасы жабық бәйгесінің екі дүркін жүлдегері.

Шығармалары: Тұсаукесер. А., «Жалын», 1979; Шығыс. А., «Жалын», 1978; Сырдария әуендері. А., «Жалын», 1981; Тұлпар туралы дастан, А., «Жалын», 1984; Ғашық жүрек; Айдынынан айрылған Аралым-ай; Алтын арай; Тұлпарлар тағдыры; Жыраулар; Тағдырдастан; Ғұмырдария; Ақ махаббат адастырмайды.


Көп оқылғандар