Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Е
Елжас Бекенов

Елжас Бекенов

Елжас Бекенов (1892–1938) Көкшетау облысындағы Қарағаш ауылында туған. 
1922–1924 жж. Орынборда рабфакта оқыған. 
1925–1928 жж. «Еңбекші қазақ» газетінде әдеби қызметкер, 1929–1931 жж. Петропавл округтік «Кеңес ауылы» газетінде редактордың орынбасары, кейін редакторы болды. 
1931–1933 жж. «Ауыл коммунисі» журналында редактордың орынбасары, 1933–1934 жж. Орал облысы «Екпінді құрылыс» газетінде редактордың орынбасары, 1935–1938 жж. Солтүстік Қазақстан облысы «Ленин туы» газеттерінде, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік құпияны баспасөзде сақтау жөніндегі бас басқармада редактор болып қызмет атқарды.
«Бидің жауыздығы», «Ұлтшыл» атты тұңғыш әңгімелері, «Жәмила қалай сауатты болды» (1927), «Жаңа сәуле» (1929), «Біздің еңбек» (1934), «Жаңа жол бойында» (1939) атты әңгімелері мен повестері жарық көрді.


Көп оқылғандар