Айдархан Бибасарұлы

Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Айдархан Бибасарұлы 1937 жылы 17 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы қазіргі Қожамберді ауылында туған. Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
Еңбек жолын ауылда колхозшы болудан бастаған. Сол кезде аудандық, облыстық баспасөздерге колхозшылардың тұрмыстіршілігі жайлы хабарлар, суреттемелер, қысқа очерктер жазған.
1959 жылы Жаңақорған аудандық «Екпінді» газетінде корректор, радиохабар таратушы, Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде корректор, бөлім меңгеруші, жауапты хатшы, 1985–1998 жылдары «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы болып қызмет істеген. Бірнеше рет аудандық Кеңестің депутаты, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланған.
Сыр бойы сүлейлерінің бірі – Шәймен ақынның өлеңдерін жинап, құрастырып, алғысөзін жазып «Өмірдәурен» деген атпен кітапша етіп шығарған. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Төменарық аймағында өмір сүрген Қалкөз, Серқұл, Әбділда болыстардың, басқа да билердің халыққа қамқорлығы жайлы сыр шертетін «Бәйтеректің қос бұтағы», «Төменарық» совхозының «Еңбек Қызыл Ту» орденді шопаны Тұрлыбек Құлыбаев жайлы «Дала перзенттері», Арқа мен Сыр бойындағы бір қауым елдің қазан төңкерісінен көрген қасіреттерін бейнелейтін «Жылдың соңғы кешінде», «Өнегелі ғұмыр», «Өмір дәурен» атты кітаптары жарияланған.
Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің Құрмет грамотасымен (1987), Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен (1988) марапатталған. «Еңбек ардагері» медалінің иегері және облыс әкімінің 2008 жылғы стипендиянты.

Көп оқылғандар
«Қараөзек» - қараөзек шақтың айнасы
22.01.2021
531
Камал Әлпейісова. Аңшының қызы
23.01.2021
440
Мүшәйра жеңімпаздары марапатталды
24.01.2021
371
Баһрам Садеқи. Шиеленіскен орам
24.01.2021
222
Өлең қалай туады? #Еділбек Дүйсен
01.01.2021
2636
Өлең қалай туады? #Жадыра Байбұланова
29.12.2020
2389
Өлең қалай туады? #Асылбек Жаңбырбай
28.12.2020
2294
Өлең қалай туады? #Ерік Нарын
30.12.2020
2218
Жолдыбай Базар. Азғырынды
27.12.2020
2032
Өлең қалай туады? #Мұқият Қойшыбай
04.01.2021
1661
Әлішер Рахат. Бұл менің шығармашылықтағы тағдырымды шешкен пьеса
08.01.2021
1593
Әлихан Жақсылық. Қанатсыз арман
09.01.2021
1485
Өлең қалай туады? #Серікзат Дүйсенғазин
08.01.2021
1433
Өлең қалай туады? #Қуаныш Оспан
05.01.2021
1394
Өлең қалай туады? #Мұрат Шаймаран
06.01.2021
1255
Сәбит Жәмбек. Әлемдік мәдени кеңістіктегі Абай биігі
05.01.2021
1247
Азат Шәуеев. Қазақ тілін үйренуде керегі – сіздің ниетіңіз
08.01.2021
1075
Асқар Игенұлы. Жеңіс жырлары елінің жүрегінде
18.01.2021
942
Көп талқыланғандар
Солженицынның Мойынқұмдағы күндері
Мақұлдап Абай атаң