Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Меңдекеш Сатыбалдиев

Меңдекеш Сатыбалдиев

Меңдекеш Сатыбалдиев (1937–1973) 3 қазанда Атырау облысының Ембі (бұрынғы Жылыой) ауданында, Аманкелді ауыл кеңесінде туған. Әуелде ұсақ хат-хабар жазып, аудандық газеттерге жариялап, кейін Жылыой аудандық газеті редакциясы баспаханасына есепшілік қызметке орналасады. Содан облыстық «Социалистік құрылыс» газетінің редакциясына әдеби қызметкер боп ауысады. Гурьев облысының «Теңіз», «Есбол» аудандық газеттерінде, облыстық радиохабарларын тарату комитетінде, қайтадан облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде журналистік қызмет атқарған. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. «Қазақстан» баспасының көпшілік әдебиеттер редакциясын басқарды.

Әдебиетке 60-шы жылдары келді.

Шығармалары: Ақ моншақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Шулайды толқын. А., «Жазушы», 1968; Жартастағы жазулар. Очерктер. А., «Қазақстан», 1970; Күн шуағы. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1970; Қызғыш құс. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975.

 
 

Көп оқылғандар