Жарылқасын Боранбаев 1947 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас (қазіргі Бәйдібек) ауданының Ақбастау ауылында туған. Шымкент қаласындағы №12 мектепинтернатта білім алған.
1972 жылы Шымкент педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін тамамдаған.
1972–1994 жылдар аралығында Халық ағарту саласында еңбек еткен.
1995 жылдан Созақ аудандық «Молшылық үшін» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
Ақынның «Жанартаулар», «Гүлдесте», «Жылы жақтың жаңбыры», «Мәңгілік өмір», «Мазасыз әлем» жыр жинақтары, «Баба түкті шашты Әзиз әулие» тарихитанымдық кітаптары жарық көрген.