Қабыл Боранбаев (1915–1978) - Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Отан соғысына қатысқан. Петропавл педтехникумын (1936), Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1946).
1932–1933 жж. Қарағандыдағы №3 шахтада еңбек етті.
1936–1943 жж. Қарағанды облысында, Балқаш қаласында мектеп мұғалімі, директоры, Түркістан педучилищесінде директордың орынбасары, 1946–1952 жж. ҚазТАГта редактор, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында редактордың орынбасары, 1952 жылдан ұстаздық қызметте болды.
Өлеңдері республикалық баспасөзде 1937 жылдан бастап жарияланып, алғашқы жинағы «Дәурен» 1949 жылы жарық көрді. Кейін «Балалар шаттығы» (1949), «Ант» (1950), «Дос отряд» (1955), «Тапқыр бала» (1971), «Дән дария» (1977), т.б. өлең кітаптары шықты. Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, К.М.Симоновтың, Б.Кербабаевтың, Ғ.Ғұламның жекелеген өлеңдерін, И.Василенконың «Жұлдызша» повесін аударған.