Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сейіл Боранбайұлы

Сейіл Боранбайұлы

Сейіл Боранбайұлы
Рейтинг:
Өмірбаяны

Сейіл Боранбайұлы (1930–2005) - 14 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Сағындық ауылында дүниеге келген. 

1953 жылы Қызылорда қаласындағы педагогика институтының тарих факультетін бітірген. 

1957 жылға дейін Қостанай облысының Торғай (кейін Жанкелдин атындағы), Қызылорда облысының Қазалы аудандарында мұғалім болып қызмет атқарды. 

1957 жылдың тамызынан бастап газет жұмысына ауысады. 

1962 жылдың мамырына дейін Қазалы аудандық «Социалистік жол» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор болып істейді. 

1962 жылдан 1990 жылға дейін Қазалы аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы, Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, Қызылорда облыстық баспасөз басқармасының бастығы қызметтерін атқарады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы болған.

1966 жылы «Жазушы» баспасынан оның балаларға арналған «Ұстаз» деп аталатын тұңғыш жинағы жарық көрді. «Қалытқы», «Табиғатқа тіл бітсе», «Мырза маусым», «Қайырлы таң», «Төрт түліктің төлдері», «Халқым қалай күн көрер» жыр кітаптарының авторы.

Балаларға арналған өлеңдер топтамасы 1977 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына», 1978 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан «Балалар әдебиетінің хрестоматиясына» енді. 

Бірсыпыра өлеңдері қарақалпақ тіліндегі «Дала туысқандығы», латыш тілінде шыққан «Дала қызғалдақтары» кітаптарында жарық көрген. 

Көп оқылғандар