Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Е
Евней Букетов

Евней Букетов

Евней Букетов
Рейтинг:
Өмірбаяны

Евней Букетов (1925–1983) - 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Бағанаты ауылында туған. Қорған облысына қарасты Макушинск ауданында алғаш мектеп табалдырығын аттаған ол соғыс жылдары бастауыш және орталау мектептің мұғалімі болған. Одан кейін Қазақтың кенметаллургия институтының металлургия факультетін бітіріп, аспирантураға қалдырылады. Сонымен бірге Қазақ мемлекеттік баспасында редактор боп істеген. Сол жылдары ол ғылымизерттеу жұмыстарымен қатар, әдебиет сыны, көркем аударма саласында да еңбек еткен.

1954–1960 жж. Қазақтың кенметаллургия институтында ассистент, доцент, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, 1960–1972 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Қарағанды химияметаллургия институтының директоры, 1972–1979 жж. Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болды. 

1966 жылдан техника ғылымдарының докторы, 1967 жылы профессор атағын алды.

1969 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. 

1970 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондентмүшесі болып сайланады. Бірнеше монографияның, көптеген көркем публицистиканың, «Шесть писем другу» («Жалын», 1989) атты кітаптың авторы. Көркем аударма саласында С. Есениннің «Анна Снегина», В.Маяковскийдің «Қандала», «Жақсы» аталатын шығармаларын және И.Василенконың «Артемка» повесін (1955), Э.Золяның «Әңгімелері мен мақалаларын», И.Вазовтың «Тепкіде» романын (1959) қазақшалаған.

Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Қарағанды қаласында бір көшенің аты, осы қаладағы мемлекеттік университетке Е.Букетов есімі берілген. Университетте жазушыға арналған музей ашылған.


Көп оқылғандар