Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Л
Леонид Вайдман

Леонид Вайдман

Леонид Вайдман
Рейтинг:
Өмірбаяны

Леонид Вайдман (1940–2001) - 1 мамырда Талдықорған қаласында туған. 

1957 жылы орта мектепті бітірген соң, «Красное знамя» газетінің редакциясында қызмет істеді. Қазақ мемлекеттік университетін сырттай оқып бітірген. Одан кейін республикалық «Фройндшафт» газетінің редакциясында қызметкер, газеттің редакторы болған. 

1993–1995 жж. «Феникс» альманахының Бас редакторы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 

1995 жылы Германияға қоныс аударды. 
Жетпісінші жылдардың бас кезінде деректі проза жанрымен бірге, беллетристикаға қалам тартады. «Қазақстан» баспасынан төрт әңгімелер мен очерктер жинағы – «Репортер жазбалары», «Өзіңнің досыңның кім екенін айтшы?», «Иуданы сүйіп көр», «Өткен мен болашақ арасындағы сәт» (неміс тілінде) жарық көрді. «Серый туман на рассвете» повесі мен неміс тілінен аудармалары «Жазушы» баспасынан шыққан «В степном краю» жинағында жарияланды.

Қайнар қөз: http://www.writers.kz

Көп оқылғандар