Николай Веревочкин 1949 жылы 17 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы, Марьевка селосында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Оныншы сыныптан кейін құрылыста тасқалаушы болып жұмыс істеген. Қиыр Шығыста Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген.
Әр жылдарда «Новатор» газетінде тілші, редактордың орынбасары, «Огни Алатау» газетінде бөлім меңгерушісі, «Эко курьер» газетінде редактордың орынбасары, «Азия» газетінде жауапты хатшы, «Казахстанская правда» газетінде бильдредактор болып қызмет еткен.
«Древырад» (1994), «Страна без негодяев» прозалық кітаптарының авторы.