Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Машқар Гумеров
Машқар Гумеров (1927–2002) - 11 қарашада Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде ауыл молдасының отбасында туған.
1937 жылы үйішімен Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен, шығармаларын тек қазақ тілінде жазады.
1942 жылы сегізінші сыныпты бітірген соң, колхоздың егіс бригадасында есепші болып жұмыс істеген.
Ал 1943–1946 жж. ауыл шаруашылығы техникумында оқып, оны тамамдаған соң, МТСтің учаскелік агрономы болды.
1953 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірді. Главлитода цензор, «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі, 1957–1977 жж. «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор болып қызмет атқарды.
«Ұя» атты алғашқы әңгімесі 1952 жылы «Пионер» журналында жарық көрді. Содан бері жазушының ондаған прозалық кітаптары шыққан.
Кезінде балалар мен жастарға арналған шығармаларға жыл сайын жарияланып келген республикалық бәйгеде сан мәрте (1984, 1985, 1986, 1990, 1994) әр түрлі жүлделі орындарға ие болды. 1990 жылы «Жалын» баспасында жарық көрген «Ортаншы ұл» атты повестер жинағы Қазақстан Жазушылар одағының С.Мұқанов атындағы сыйлығын алды.
В.Губаревтің «Павлик Морозов» повесін, қазақстандық орыс жазушысы М.Зверевтің кейбір шығармаларын, болгар жазушысы Роза Хафизованың «Қурайбаланың басынан кешкендері» атты ертегіповесін, башқұрт жазушысы А.Хакимовтың повестерден құралған екі кітабын және басқа да шығармаларды қазақ тіліне аударды. Бірнеше повестері мен әңгімелері орыс тілінде шыққан.
«Үздік еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Шығармалары: Ана мен бала. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956; Үш күн, үш түн. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1958; Асыл дәрі. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1960; Қос шынар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963; Жоғалған кілт. Әңгімелер мен ертегілер. А., «Жазушы», 1965; Сүйе ме, сүймей ме?.. Повестер. А.,»Жазушы», 1967; Хазірет қарғаған ауыл. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Шыңырау. Повестер. А., «Жазушы», 1975; Тоғыз тосқауыл. Повестер, ертегілер, әңгімелер (екінші басылым). А., «Жалын», 1977; Жұмбақ сәуле. Фантастикалық повесть. А., «Жалын», 1985; Құпия дәптер. Повестер. А., «Жалын», 1987; Ортаншы ұл. Повестер. А., «Жалын», 1990.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
804
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
795
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
678
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
633
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
547
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
413
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
267
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
263
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7901
Қос шынар
25.11.2024
1884
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
15.11.2024
1741
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1616
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1566
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1339
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1301
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1257
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1068
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1057
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
987
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
938
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
899