Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Владимир Гундарев
Владимир Гундарев 1944 жылы 19 шілдеде Ресейдің Новосибирск облысы, Кыштов ауданы, Большеречье селосында туған. Ақмола педагогикалық институтында оқыған. Газет, радио, телевизия редакцияларында жұмыс істеген.
1970 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болған.
1990 жылдан бері өзі ұйымдастырған «Нива» журналының Бас редакторы.
1994–1998 жж. бір мезгілде «Столичный проспект» газетінің Бас редакторы қызметін атқарған.
«Деревня моя деревянная» (1973), «Зимопись» (1976), «Светлыньрека» (1980), «Капля в море» (1982), «Продолжение жизни» (1987), «Семь дней и вся жизнь» (1987), «Ветка молнии» (1994), «Здесь прописаны наши сердца» (1994), «В сердце и памяти поколений (2000), «Медовый месяц при полной луне» (2000), «Я живу на планете Любви» (2003), «Свет Родины, свет любви» (2003), «Исповедь сердца» (2004), «Волшебная флейта» (2004), «Какого цвета поле» (1976), «Через все испытания» (1978), «Главный агроном целины» (1979), «Жизнь на светлой земле» (1980), «С заботой о земле» (1985), «Трудовая поступь юных» (1986), «Здесь прописаны наши сердца» (1994), «В сердце и памяти поколений» (2000), «Степная страна Урания» (2006) т.б. – барлығы жиырмадан астам поэзиялық, прозалық кітаптары жарық көрген. Шығармалары қазақ, украин, неміс, корей, словак, француз, испан, португал, тілдеріне аударылған. Қазақ, түрікмен, украин тілдерінен көптеген шығармалар аударған. Деректі, көркем фильмдердің, театрлық қойылымдардың, спектакльдердің авторы. «Деревенька моя», «Цвети, моя Астана!» сияқты өлеңдеріне әндер жазылған.
Өлеңдері 2005 жылы Мәскеуден шыққан «Современное русское зарубежье» атты антологияның бірінші томына енген.
КСРО Журналистер одағының, КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Ресей поэзия академиясының корреспондентмүшесі. Новосибирск облысы, Кыштов ауданының Құрметті азаматы.
«Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Павел Васильев атындағы республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты. Астана қаласы әкімінің «Алтын қалам» сыйлығын иеленген.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
844
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
832
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
742
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
680
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
589
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
458
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
313
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
293
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7901
Қос шынар
25.11.2024
1884
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
15.11.2024
1741
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1616
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1566
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1339
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1301
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1257
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1068
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1057
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
987
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
938
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
899