Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Серік Ғабдуллаұлы

Серік Ғабдуллаұлы

Серік Ғабдуллаұлы
Рейтинг:
Өмірбаяны

Серік Ғабдуллаұлы1937 жылы 17 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген. Сол ауылдағы С.Аманжолов атындағы орта мектепті бітіреді. 

1966 жылы ҚазМУді бітірген. Отыз жылға таяу облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газетінде журналистік жұмыс атқарады. Мамандығы – филолог. 

1991–1995 жж. халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық ұжымының төрағасы болып қызмет етті. 

2001 жылдан бері Өскеменде шығатын аймақтық әдебимәдени және қоғамдық «Ақ Ертіс» журналының Бас редакторы, Өскемен қаласында 1997 жылдан бері өзі ұйымдастырған жас ақындардың «Шабыт» мектебін басқарады.

«Көктем лебі» (топтама 1975), «Бұқтырма сарыны» (1978), «Көктем – көкөрім шағым» (1982), «Ақ босаға» (салтдәстүр танымы, 1993), «Жылдардан жеткен жаңғырық» (1995, очерктер жинағы), «Сөйле, менің жүрегім» (1998), «Алтай асу» (2003), «Ұланғайыр» (2003) жыр жинақтары жарық көрді.

Көп оқылғандар