Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
А
Абдукерим Ғаниев

Абдукерим Ғаниев

Абдукерим Ғаниев
Рейтинг:
Өмірбаяны

Абдукерим Ғаниев (1937–2006) - 10 қаңтарда Алматы облысының Панфилов (бұрынғы Жаркент) ауданындағы Шолақай ауылында туған. Өлеңдері 1953 жылдан бастап Панфилов аудандық ұйғыр тілінде шығатын «Колхозчилар авази» газетінің бетінде жариялана бастады. Жас ақын 1959 жылы ҚазМУді тамамдағаннан кейін, бірнеше жыл Еңбекшіқазақ және Қаскелең ауданындағы орта мектептерде ұйғыр тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 

1962 жылы Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан «Жастық сезімдері» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарыққа шықты. 

1964 жылдан бастап Алматыдағы ұйғыр тілінде шығатын «Коммунизм туғи» газетінде қызмет атқарады. 

1966 жылдан Қазақ радиосының шет елдерге радиохабарларын тарату Бас редакциясында редактор, 

1974–1987 жж. аға редактор болған.

«Баһадур» атты эпикалық поэма жазды. Кейбір шығармалары Мәскеу, Ташкент және Алматыда шыққан «Шынар ағаштары», «Ұйғыр ақындарының дауысы», «Ұйғыр ақындары» сияқты поэзиялық топтамаларға кірді. «Жазушы» баспасынан орыс тілінде «Жетісу жұлдыздары» жинағы жарық көрді (1987). 

«Ағалар жолы», «Қазақстан», «Жер туралы декрет», «Армандарым», «Ақиқат туралы ақиқат», «Жауынгер монологі», «Ой адамы бәрінен биік», «Ана жұртым Шолақай» атты кітаптардың авторы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет Грамотасымен марапатталған (1987).


Көп оқылғандар