Көкей Сақабайұлы (1930–1995) 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Көкжыра ауылында туған.
1954 жылы Алматыдағы Металлургиялық тау-кен институтын бітірген. Жезқазған, Лениногорск, Өскемен қалаларында мамандығы бойынша инженер болып жұмыс істеген.
«Өткел аузында», «Кенші келбеті», «Көктас», «Төлеген Тоқтаров» секілді көркем прозалық және бірнеше очерк кітаптарының авторы.