Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сатыбалды Даумов

Сатыбалды Даумов

Сатыбалды Даумов
Рейтинг:
Өмірбаяны

Сатыбалды Даумов (1935–2004) - 15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. 

1953 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр орта мектебін, 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 

1959–1970 жж. «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналының әдеби қызметкері, аударма бөлімінің меңгерушісі, 1970–1995 жж. «Еңбек таңы» журналының Бас редакторы болып жұмыс істеді.

Алғашқы өлеңдер топтамасы «Жайық жырлары» деген тақырыппен 1955 жылы Батыс Қазақстан облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде басылды. «Жалын ғұмыр», «Тауқыметті тағдыр», «Сатыбалды» (өлеңдер мен поэмалар), «Сонау бір тұрған Нарында» атты кітаптары жарық көрген. «Ғасыр, саған айтам», «Елестер мен белестер», «Аспан асты, жер үсті» поэмалары, зерттеу мақалалары, очерктері әр түрлі мерзімдік басылым беттерінде жарияланды. 2009 жылы таңдамалы шығармаларының екі томдығы жарық көрді.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, медальдармен марапатталған.

Көп оқылғандар