Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
К
Константин Деркаченко

Константин Деркаченко

Константин Деркаченко
Рейтинг:
Өмірбаяны

Константин Деркаченко (1903–1980) - 23 қаңтарда Кронштадт қаласында туған. 

1921 жылы Кронштадта еңбек мектебін бітірген. Он бес жасында еңбекке араласқан. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алғашқы өлеңін 1922 жылы 30 тамызда «За дело» деген атпен Ленинградтағы «Красная газетада» жариялады. Шығармашылық қызметінде түрлі жанрда еңбек етті. Шығармалары Мәскеу, Ленинград, Алматы, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Новгород қаларында шығатын газеттер мен журналдарда, майдан газеттерінде басылды. «Резец» атты жұмысшылардың әдеби журналын шығаруды ұйымдастырушылардың бірі әрі оның жанындағы әдеби топтың төрағасы болған. Кейін «Ленинградская кузница» әдеби бірлестігінің хатшылығына сайланған. Пролетар жазушыларының Ленинград Ассоциациясының мүшесі болған. 

1964 жылдан Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінің хатшысы болып істеді. ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.

Қазақ көркем әдебиет баспасынан өлеңдері мен поэмаларының екі жинағы шықты: «Жүрек сөйлейді» (1960), «Ал мынаны – сақта…» (1964).

Шығармалары: Говорит сердце. Стихи и поэма. ҚМКӘБ. 1960; А это – сохрони… Стихи и поэма. А., «Жазушы», 1964; Венок из полыни. Стихи и поэма. А., «Жазушы», 1968; От всей души. Стихи и поэма. А., «Жазушы», 1979.

Көп оқылғандар