Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ә
Әнуарбек Дүйсенбиев

Әнуарбек Дүйсенбиев

Әнуарбек Дүйсенбиев
Рейтинг: 2
Өмірбаяны

 

Әнуарбек Дүйсенбиев (1931–1979) - 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. 
 
Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.
 
М.Ю.Лермонтов, Дж.Родари, С.Маршак, С.Михалков, А.Барто, М.Жалил, Я.Колас, Тоқтағұл секілді ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударған.
 
Шығармалары: Парадта. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1956; Сыйлық. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1956; Не деу керек? Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1957; Қызғалдақ. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1958; Ана жүрегі. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1959; Қайырлы таң, балалар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960; Гүлзар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Аққулы айдын. Таңдамалы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1976; На веселой улице. Стихи и рассказы. М., «Детская литература», 1972; Кто раньше встает? Стихи и сказки. А., «Жазушы», 1973; Если бы я был сильным. Стихи и сказки. А., «Жалын», 1979; Ладошка. Стихи, поэма, сказка. М., «Детская литература», 1982.
 
 

 

Көп оқылғандар