Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Мырзабек Дүйсенов

Мырзабек Дүйсенов

Мырзабек Дүйсенов
Рейтинг:
Өмірбаяны

Мырзабек Дүйсенов (1928–1988) - 20 желтоқсанда Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. 

1949 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарихфилология факультетін бітіріп, Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасына қабылданады. 

1953 жылы филология ғылымының кандидаты, 1968 жылы филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алды. Көп жыл ҚР ҰҒА жанындағы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очеркін, қазақ әдебиет тарихын жазысуға белсене қатысты.

М.Қаратаевпен бірге орта мектептің орыс кластары үшін «Қазақ әдебиеті хрестоматиясын» құрастырған.

Бірнеше әңгімелер жинағы, оннан астам повесі бар. «Гүлжан», «Ана махаббаты» повестері орыс тіліне, «Емтихан» повесі өзбек тіліне аударылды.

Шығармалары: Мен қалай торғай болдым? Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1958; Жолың болсын. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Қалыңдық. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1962; Ана махаббаты. Повесть. А., «Жазушы». 1965; Гүлжан сүйеді. Повестер. А., «Жазушы», 1968; Меймандар. Повестер. А., «Жазушы», 1971; Ант. Повестер. А.,»Жазушы»,1974; Үміт. Повестер. А., «Жалын», 1979; Біз күн перзентіміз. Повестер. А., «Жалын», 1983; Әдебиеттегі мазмұн мен түрдің бірлігі. Монография. А., ҚМКӘБ, 1962; Қлияс Жансүгіров. Монография. А., «Жазушы», 1965; Ақын мұраты. Монография. А., «Жазушы», 1967; Ұлы Октябрь шуағы (Т.Кәкішевпен бірігіп). Монография. А., «Мектеп», 1982; Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты. Монография. А., «Ғылым», 1982; Бір аспанның астында. А., «Жазушы», 1985; Ғасырлар сыры. А., 
«Жазушы», 1988.

Көп оқылғандар