Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
О
Оразанбай Егеубаев

Оразанбай Егеубаев

Оразанбай Егеубаев
Рейтинг: 5
Өмірбаяны

Егеубаев Оразанбай (1935–2007) - 13 желтоқсанда Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шағантоғай ауданы, Ойқұдық ауылында туған. 

 
1950 жылы Шәуешек гимназиясын, 1954 жылы Шыңжаң партия мектебінің саясиназария сыныбын бітірген. 1999 жылы тарихи отаны Қазақстанға оралған. «Көктем», «Естелік қалдыру» шығармаларымен әдебиет есігін (1954, «Шыңжаң» газеті) ашқан, «Өмір өткелдері» (әңгімеповесть, 1982, Үрімші), «Адам, ат, ит» (повестер, 1991, Үрімші), «Тау ұлы» (кинороман, 1991, Іле), «Таңжарық» (бес сериялы көркем телефильм, 1992 , Пекин), «Таңжарық тану» (1995, Іле), «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар – Таңжарық Жолдыұлы» (2000, Пекин), «Таңжарық». Таңдамалы шығармалары» (құрастырған, 1985–1995, Үрімші), «Таңжарық ақынның екі томдық толық жинағы» (2001, Үрімші), «Зерттеу материалдары» (Діндік қиссалар, 1985, Үрімші), «Қазақ хиссалары – батырлық, тарихи жырқисса» (4т., 1984–1987, Пекин), «Қазақтың ғашықтық жырлары» (3т., 1982–1996, Үрімші) кітаптары басылып шыққан. 13 еңбегі қытайшаға тәржімаланған. 
 
 
«Шыңжаң газеті», «Іле газеті», «Мұра» журналы реакциясында редактор, тілші, бөлім бастығы, Бас редактордың орынбасары міндетін атқарған. Шыңжаң және Қытайдың мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан қайраткер атағын алған (1992). Шыңжаң және Қытай фольклор сыйлықтарының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Көп оқылғандар