Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ж
Жұмабек Еділбаев

Жұмабек Еділбаев

Жұмабек Еділбаев
Рейтинг:
Өмірбаяны

Еділбаев Жұмабек (1923–1983) - 15 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған. Сондағы педучилищені бітірген. 1944–1967 жж. Шымкент, Қарағанды облыстық заң орындарында, Түркістан аудандық партия комитетінде, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясында, өлкелік радио комитетінде, КСРО Журналистер одағының өлкелік бөлімшесінде қызметте болған. 

 
 
1967 жылдан өмірінің соңына дейін бірыңғай шығармашылықпен айналысқан.
 
 
«Оңтүстік самалы» атты өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы 1960 жылы жарық көрген. Кейіннен проза саласына ауысып, бірнеше әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынған. Пьесалары облыстық драма театрларында қойылған.
 
 
Шығармалары: Жоғалған кілт. Повесть пен әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; Сыр пернесі. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Бүгінгі ауыл адамдары. Очерктер. А., «Қайнар», 1969; Буырқанған бұлақтар. Роман, «Жазушы», 1976; Сын сағатта. Роман. А., «Жазушы», 1980; Түркістан. Роман. А., «Жазушы»,1982; Тереңдегі тебіреністер. Роман А., «Жазушы», 1983; Алтын арал. Роман. А., «Жазушы», 1985.

Көп оқылғандар