Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
К
Көшен Елеуов

Көшен Елеуов

Көшен Елеуов
Рейтинг:
Өмірбаяны

Елеуов Көшен (1892–1971) - Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылында туған.

1902–1911 жж. ескіше оқып білім алған. Қазақстан Жазушылар одағының 1938 жылы Алматыда халық ақындарына арналып ашылған қысқа мерзімді курсында оқыған. 

1916 жылы майданға алынып, Ресейдің батыс шекарасында қара жұмыс істейді. Содан соң еліне келіп, әуелі ауылдық кеңес төрағасының орынбасары (1917), кейін төрағасы қызметін атқарады.
Алғашқы өлеңі – «Елге сәлем» (1916). «Баян», «Қорқыт», «Бозінген», «Сарыарқалық жігіт», «Екі дос», «Қарағанды», «Жылқышы» дастандарын шығарды. 

1943–1961 жж. аудандық, облыстық, республикалық халық таланттарының жиындарына қатысып, онда Шашубай, Ілияс, Маясар, Жолдыкей тәрізді ақындармен айтысқа түсті.

Айтыстары мен топтама өлеңдері. «Ақындар жыры» (1963), «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» (3т., 1966), «Ленин деп халық жырлайды» (1969) жинақтарында жарияланды.

Көп оқылғандар