Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
А
Ахмет Елшібеков

Ахмет Елшібеков

Ахмет Елшібеков
Рейтинг:
Өмірбаяны

Елшібеков Ахмет (1901–1980) - Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауданында туған. Орысқазақ мектебінде екі жыл оқып, хат таниды. Семейдің баспаханасында әріп теруші болады. Губерниялық «Қазақ тілі» газетінде, «Қызыл Қазақстан» журналында, одан соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Пионер» журналында, «Жас қанат», «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде істейді. Орынбор рабфагінде оқиды, Бүкілодақтық журналистика институтын бітіреді. Одан кейінгі жылдары партиялық басылымдарда, майдан газетінде, Марксизмленинизм институтында, Көркем әдебиет баспасында жауаптыбасшы қызметтерде болған.

Отызыншы жылдары бірқатар фельетондар, әңгімелері және «Өмір сатысы» очерктер жинағы, 1956 жылы «Қаңбақ шал» ертегісі кітап боп шықты.

Ол А.Барбюстің «Майлы күйе», Н.Гогольдің «Ив. Иванович пен Ив. Никифоровичтің араздасуы жайындағы повесть», М.Залканың «Тегеурінді тез», А.Немцовтың «Жер астындағы көлеңке» туындыларын, А.Чеховтың таңдамалы шығармаларының үш томын (аудармашылар ұжымы), М.Шолоховтың «Тынық Дон» романының 2кітабын (аудармашылар ұжымы) қазақ тіліне тәржімалаған. 

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

Қайнар қөз: http://www.writers.kz

Көп оқылғандар