Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Н
Нұртай Ерназар

Нұртай Ерназар

Нұртай Ерназар
Рейтинг:
Өмірбаяны

Ерназар Нұртай 1956 жылы 5 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 

1981 жылы ҚазМУдің филология факультетін, 1992 жылы аспирантурасын бітірген. Қазақстан Жазушылар одағында, «Жұлдыз», «Ақ желкен», «Маңмаңгер» журналдарында, «Жас қазақ» газетінде, «Өнер» баспасында редактор болып қызмет істеген. 

1998 жылдан «ШапағатНұр» исламтану журналын ашып, Бас редактор қызметін атқарып келеді. «Тел Арна» баспаханасының директоры.

«Қарлығаш», «Тобылғы күзде гүлдейді», «Үзілмейтін ән», «Тоқсан толғау», «Жетінші дауыс», балаларға арнап «Мақтаншақ қаз», «Аңдар жиыны» секілді жыр жинақтарының, екі кітаптан тұратын «25 Пайғамбар», «Дін – ұлт тірегі» секілді діни прозалық кітаптардың авторы. Сондайақ «Тәубаға келу жолдары», «Суннаны сақтау қажеттілігі», «Ұлы тұлғалар Ислам жөнінде» секілді діни кітаптарды және шешен, қырғыз, татар ақындарының шығармаларын тәржімалаған. Бір топ әндер мен күйлердің авторы.

Көп оқылғандар