Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ғ
Ғалия Есбатырова

Ғалия Есбатырова

Ғалия Есбатырова
Рейтинг:
Өмірбаяны

Есбатырова Ғалия 1919 жылы 19 қарашада Алматы облысы, Ақсу ауданы, Бақалы ауылында туған. 

1940 жылы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын тамамдаған. Бұдан кейін республикалық газетжурнал редакцияларында әдеби қызметкер, «Қазақфильм» киностудиясында режиссер, көркем фильмдер дубляжында аудармашы болып істеген. 

1940 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында алғашқы «Кезеңді кездесулер» повесі және «Зылиқа» (1947), «Әмеңгер» (1951) кітаптары басылады.

«Ұшқындар», «Екі капитан», «Орыс жүрегі», «Жұбай»,»Зоя туралы әңгімелер», «Түнгі сағат бірде», «Обком секретары», «Олар Отанды қорғайды», «Зоя», «Шұғыла кітаптан», «Татар әңгімелерінің жинағы», «Чапаев», т.б. романповестер аударған.

«Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

Көп оқылғандар