Есмәмбетов Әли (1914–1942) - Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1936).
1937–1941 жж. Қазақтың мемлекеттік әдеби баспасында («Жазушы» баспасы) «Октябрь балалары», «Ұлан» газетінде, «Жас алаш» газеті редакциясында қызмет істеген. Мұнымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы жастар секциясын басқарған.
Тұңғыш жинағы – «Өлеңдер» 1938 жылы шықты. «Қазақстан», «Бомба», «Адмиралдар океанда», «Шолпан» атты поэмалары қазақ поэзиясында өзіндік орын алған. Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің, Сүлейман Стальскийдің кейбір өлеңдерін қазақшалаған.
Шығармалары: Өлеңдер. А., 1938; Жырлап өткен өмірді. Толық жинағы. А., 1969.