Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
И
Исабай Есқараұлы

Исабай Есқараұлы

Исабай Есқараұлы
Рейтинг:
Өмірбаяны

Есқараұлы Исабай 1919 жылы 8 қарашада Алматы облысы, Қарасай ауданы, ШамалғанКөлащы ауылында дүниеге келген. Балалар үйінде тәрбиеленген. 

1938 жылы Түргендегі мұғалімдер даярлайтын училищені бітіріп, мектепте ұстаздық етеді. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1939–1940 жылы фин соғысына, одан Ұлы Отан соғысына қатысады. 

1946 жылы елге оралып, Жамбыл аудандық оқу бөлімінде инспектор, кешкі мектеп директоры болып қызмет атқарады. 

1952 жылы ҚазПИді сырттай оқып бітірген.

1952 жылы Жамбыл аудандық газетінде Панфилов туралы поэмасы шықты. «Ақыл айнасы» пьесасы қуыршақ театрында қойылған. ІІІ дәрежелі Құрмет, Ұлы Отан соғысы ордендерімен, көптеген медаль, Құрмет Грамоталарымен, ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

«Мен командирмін», «Ақ жамылған періште», «Әділбек Майкотов», «Тазша бала», «Тікенек», «Ақыл айласы», «Шот аяқ», «Атаманның ақыры» сияқты пьесалардың авторы.

Шығармалары: Тосқауыл. Повесть. А., «Жалын», 1977; Ар мен ажал. Повесть. А., «Жалын», 1993; Барлаушыға түн серік. Роман. А., «Жазушы», 1986; Барлау түн жарымында басталады. Роман. А., «Ана тілі», 1998; Барлау бағыты – Гамбург. Роман. А., «Шартарап», 1998; Қанды із. Детектив роман. А., «Шартарап», 2000; Ұстаз. «Үш қиян», 2008; Қанды белес. «Ан Арыс», 2008; Черкас өрт жалынында. «Жас қазақ», 2004; Өмірдерек. «Жазушы», 2008; Пулеметші Төлен мен Коля. Повесть. 2009.

Көп оқылғандар