Талғат Ешенұлы
Талғат Ешенұлы 1974 жылы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, (бұрынғы Семей облысы) Аякөз ауданы, Тарбағатай ауылында туған.
1991 жылы Тарбағатай ауылындағы Октябрь орта мектебін тәмамдаған соң, 1991-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы қазақтың мемлекеттік ұлттық университеті, журналистика факультетінде оқыды.
1996-1997 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінде, 1997-1998 жылдары «Жас алаш» республикалық газетінде тілші, қоғамдық-саяси бөлімнің меңгерушісі болып қызмет істеді.
1998-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде түрлі жауапты қызметтер атқарды.
2004-2005 жылдар аралығында «Жас алаш» газетінің Астанадағы тілшілер қосынының жетекшісі болды.
2005-2008 жылдары «Жас қазақ» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
2008-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі. 2009-2010 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамында бас менеджер болып қызмет етеді.
«Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің «әдебиет», «журналистика» номинациялары бойынша (1999 жыл, 2000 жыл) жеңімпазы. Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтардың лауреаты.
ҚР Президенті стипендиясының (1999 жыл), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2006 жыл). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «Абай» халықаралық медалімен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
