Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Д
Далабай Жазықбаев

Далабай Жазықбаев

Далабай Жазықбаев
Рейтинг: 1
Өмірбаяны

Жазықбаев Далабай (1920–1942) - Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. Алматы мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып, Ескене, Доссор, Құлсары мектептерінде қазақ әдебиетінің мұғалімі болған. 

1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, сол жылы 15 қыркүйекте Батыс майдан даласында қаза тапты.

Өлеңдері республикалық газетжурналдарда жарияланған. «Жауынгер дос», «Досыма», «Таңертеңгі бір жеңіс», «Намыс үшін», т.б өлеңдерінде жауынгерлердің қаһармандық ерлігін суреттеп, фашист жауыздығын әшкерелейді. Майдан даласында жазған өлеңдерінің қайқайсысынан да өр рух лебі еседі.

М.Ю.Лермонтовтың «Үш пальма», «Тұтқын», «Үміт» атты өлеңдері мен М.Голодныйдың «Щорс туралы жырын» аударған.

Көп оқылғандар