Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ө
Өкім Жайлауов

Өкім Жайлауов

Өкім Жайлауов
Рейтинг:
Өмірбаяны

Жайлауов Өкім (1929–2008) - 21 желтоқсан күні Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында туған. 

1953 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің тіләдебиет бөлімін бітірген. Республикалық «Қазақстан пионері« (қазіргі «Ұлан») (1953–1954), Жамбыл облыстық «Еңбек туы (1954–1962, 1963–1967), өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» (1963–1965) газеттерінде, Жамбыл облыстық радио хабарларын тарату комитетінде (1963), «Білім және еңбек» (1962–1963), «Мәдениет және тұрмыс» (1967–1972, 1981–1989) журналдарында тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 

1971–1981 Қазақ Совет энциклопедиясының тіл және әдебиет редакциясында аға ғылыми редактор болды. 

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Шәкірт ойы» 1958 жылы басылды. Содан бері «Жасыл бақша» (1961), «Шопан даусы» (1968), «Жарқын жаз» (1971), «Арай» (1973), «Күміс жаңбыр» (1976), «Соны соқпақ» (1977), «Шұғылалы шақ» (1978), «Дарқан дала» (таңдамалы, 1979), «Мезгіл бояулары» (1993), «Шартараптан шарапат» (таңдамалы, 1999), т.б. жыр кітаптары жарық көрді.

Бірқатар өлеңдері орыс тілінде шыққан «Сегодняшный день» атты бір томдық кітапта басылды. М.Лермонтов, К.Хетагуров, С.Маршак, С.Михалков, А.Барто, т.б. ақындардың біраз жырларын аударды.

Көп оқылғандар